Павлодар мектептерінде нақты ғылымдар ағылшынша оқытылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ҰБТ тапсыру кезінде жоғары оқу орнына түсуге қажетті шектік балды жинай алмайтын оқушылар барынша қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жоғары және бірінші санатты педагогтарының үлесі 7,4 пайызға артып, жалпы 37 пайызға жетті. Мектеп оқытушыларының сапа деңгейі 69%-ға көтерілді. Оқу жылы басталғанға дейін қала мектептеріне 150 жас педагог келеді, былтыр олардың саны 130 болған», - дейді Павлодар білім бөлімінің өкілдері.

Ведомство баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек, 2018-2019 оқу жылында 8-11 сыныптардың оқушылары сынақ ретінде химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқиды.

«Бұл үшін ағылшын тіліндегі оқулықтар басылды, «Көптілді» сыныптарда сабақ өткен оқушыларға ай сайын 35 мың теңге мөлшерінде үстемеақы төленеді», - дейді білім бөлімінің өкілдері.

Биыл ҰБТ тапсыру кезінде жоғары оқу орнына түсуге қажетті шектік балды жинай алмайтын оқушылар саны 2,2 пайызға дейін қысқарды. Бір жыл бұрын барлық бітірушілердің 11 пайызы шектік балды жинай алмаған болатын.