Павлодар мемлекеттік пединституты 50 жылдығын атап өтті
12:11, 04 Желтоқсан 2012
ПАВЛОДАР. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 50 жылдығын атап өтті.
Мерейтойға арналған салтанатты шараға облыс әкімі Ерлан Арын қатысты.
Әкім жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамын, студенттер мен магистранттарды және институттың ардагерлерін айтулы датамен құттықтады. Ерлан Арын аянбай еңбек етіп, кәсіби кадрларды даярлауда үлес қосқаны үшін институттың қызметкерлеріне «Облыс алдындағы ерен еңбегі үшін»белгілерін, құрмет грамоталарын және алғысхаттарды табыс етті.
Мерейтойлық кеште ПМПИ жөнінде фотокөрме және бейнефильм көрсетілді. Оның соңы мерекелік концертке ұласты.