Павлодар мемлекеттік университетінде белгілі ақынның 120 жылдығына орай «VI Торайғыров оқулары» болып өтті

None
ПАВЛОДАР. 11 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінде атақты жерлесіміз, белгілі қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) туғанына 120 жыл толуына орай «VI Торайғыров оқулары» болып өтті, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

«Өңірдің ғылыми және мәдени өмірінің флагманы - біздің жоғары оқу орнында осындай ғылыми конференцияның өткізілуі Торайғыров ісінің бүгінгі күні де актуальды екендігін көрсетеді. Бүгінгі конференцияға қатысушылар ұлы жерлесіміздің ісін жалғастыра отырып ізгілікті, ағартушылықты, демократияны таңдайтынына мен сенімдімін», - деп атап өтті ПМУ проректоры Нұрлан Ержанов.

«Торайғыров оқуларына» Ресейдің, Венгрияның, Ирландияның, Астана мен Алматының ғалымдары қатысты. Сөйлеушілер демократ-ақын шығармашылығының ерекшеліктерін және оның қазақстандық қоғамның дамуына қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.

Конференцияда техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың көкейкесті проблемалары қозғалды.