«Өңірдің ғылыми және мәдени өмірінің флагманы - біздің жоғары оқу орнында осындай ғылыми конференцияның өткізілуі Торайғыров ісінің бүгінгі күні де актуальды екендігін көрсетеді. Бүгінгі конференцияға қатысушылар ұлы жерлесіміздің ісін жалғастыра отырып ізгілікті, ағартушылықты, демократияны таңдайтынына мен сенімдімін», - деп атап өтті ПМУ проректоры Нұрлан Ержанов.
«Торайғыров оқуларына» Ресейдің, Венгрияның, Ирландияның, Астана мен Алматының ғалымдары қатысты. Сөйлеушілер демократ-ақын шығармашылығының ерекшеліктерін және оның қазақстандық қоғамның дамуына қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.
Конференцияда техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың көкейкесті проблемалары қозғалды.