Павлодар мемлекеттік университетінде бірыңғай ақпараттық орта құрылуда
09:56, 06 Наурыз 2013
ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Темірғали Әбілмәжинов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.
Сапар барысында министрлік өкіліне «электрондық жоғары оқу орны» жүйесі таныстырылды, деп хабарлады ПМУ-дің баспасөз қызметінен.
Университеттің ақпараттық ортасына білім беру порталы, «e-Learning» мультисервистік жүйесі, электрондық құжат айналымы, ақпараттық дүңгіршектер, бейнеконференция түріндегі байланыс және 13 интерактивтік проектор кіреді.
«ПМУ-де «Электрондық ЖОО» жүйесін енгізу және дамыту бірыңғай ақпараттық ортаны құру үшін қажет. Ол студенттерді, оқытушылар мен профессорларды шынайы уақыт режимінде ауысып отыратын көкейкесті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады», - деді ЖОО ректоры Серік Өмірбаев.