Павлодар мемлекеттік университетінде құрылған қамқорлық кеңесін облыс әкімі басқарады

None
ПАВЛОДАР. 19 наурыз. ҚазАқпарат - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде құрылған қамқорлық кеңесінің төрағасы болып өңір әкімі Ерлан Арын сайланды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кеңестің құрамына өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары - қоғам қайраткерлері кірді.

Бірінші отырыста жоғары оқу орнының бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуын бақылайтын қоғамдық басқару жаңа органының жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңес ағымдағы жылға бағытталған жұмыс жоспарын бекітті.