Гао Хэ мырзамен бірлескен жұмыстың жобасы талқыланды, деп хабарлады ПМУ-дің баспасөз қызметінен. Серіктестердің әңгімелесуінің тақырыбы Павлодар облысының аумағында «Инновациялық қала жобасы» атты көлемді жобаны іске асыру болды.
Сапар барысында қытайлық қонақ университеттің археологиялық мұражайында, нанотехнологиялар, жануарлар мен өсімдіктердің биотехнологиясы зертханасында, «Энергияны үнемдеу және технологиялар» ғылыми-өндірістік орталығында және кітапханада болды. Гао Хэ университеттің инновациялық-техникалық дамуының жоғары деңгейін атап өтті.