Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері еврейлердің Пурим мерекесінде болды

ПАВЛОДАР. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Пурим көне еврей мерекесі қарсаңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мерказ» бірлестігінің қатысуымен еврей ұлттық әдебиет кеші өтті, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

«Пурим атақты парсы патшасы Ахашвероштың (Артаксеркс) билеген тұсында еврейлердің таңғажайып құтқарылуынан естелік ретінде атап өтіледі. Бұл мерекенің 2400 жылдан астам тарихы бар», - деп баяндады облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, еврей мәдениеті орталығының тұрақты көшбасшысы Фаина Свечинская.

Павлодарлық ұлттық жаңару мектебінің тәрбиеленушілері театрландырылған көрініс көрсетіп, онда еврей халқының Пурим мерекесін атап өту дәстүрін көркемдік түрде көрсетті.