«1 ақпан күні бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарда сабақ өткізілмейді. Ауа температурасы -30 градус, желдің жылдамдығы 3 м/с», - делінген Павлодар облыстық Білім басқармасының ресми сайтында.
Сондай-ақ Көкшетау қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар оқымайды.
Бұған дейін қатты аяз салдарынан Астанада 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайтынын хабарлаған болатынбыз.