Павлодар мен Алматы волейболшылары ел кубогының жартылай финалында талдықорғандықтардың қарсыласы болмақ

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек фииналдық ойындарының ақтық кездесулері өтіп жатыр.

Алты кездесудің қорытындысы бойынша 16 ұпаймен «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), 15 ұпаймен «Алматы», 12 ұпаймен «Қарағанды», 11 ұпаймен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» алда келе жатыр. Бүгін енді павлодарлықтар қостанайлықтармен, алматылықтар өскемендіктермен, астаналықтар теміртаулықтармен («Металлург АМТ»), қарағандылықтар Солтүстік Қазақстан облысының («Қуаныш и К») спортшыларымен күш сынасуда. Қазір «Астана» - 9, «Қостанай» - 6, «Қуаныш және К» - 2, «Металлург АМТ» 1 ұпаймен турнир кестесінің екінші жартысында тұр. Егер «Ертіс-Қазхром» мен «Алматы» жартылай кубок жолдамасынв мерзімінен бұрын қол жеткізсе, үшінші жолдаманы бүгін қарағандылықтар иеленуі мүмкін. Олар жарыстың келесі сайысында Талдықорғанның «Жетісуына» қарсылас атанбақ.