Павлодар мен Қарағанды облыстарында барлық бағыттар бойынша автожолдар ашылды

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 10-ы күні таңғы сағат 08.00 де Павлодар мен Қарағанды облыстарында барлық бағыттар бойынша автожолдарда қозғалыс жандандырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тас жолдар автокөліктердің барлық түрлері үшін ашық.

Еске сала кетейік, ауа райының күрт суытуына байланысты кеше, ақпанның 9-ы күні жолаушылар және дизельді автокөліктер үшін Астана қаласында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылған болатын.