Бул туралы ҚР Көлік министрлігінен хабарлады.
- Халықаралық әуе қатынасы бойынша 1 қыркүйектен бастап «Сибирь» әуе компаниясы Павлодар – Новосібір бағыты бойынша рейстерді жолға қояды. Бұл бағытта аптасына 7 рет әуе рейсін орындау жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді министрліктен.
Аталған қалалар арасындағы әуе қатынасы 2018 жылы ашылған. Алайда рейс жүктемесі жеткіліксіз болуы себебінен біраз уақыттан соң тоқтап қалған. Енді сұраныстың пайда болуына байланысты бағытты қайта ашу көзделіп отыр.
Әуе рейстерінің ашылуы екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтып, өңіраралық қатынас пен жолаушылар ағынын арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ екі қала арасындағы сапар уақытын қысқартып, іскерлік және туристік байланыстарды жеңілдетеді деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, Павлодар әуежайы ұшу-қону жолағы жаңғыртылғаннан кейін ұшақтарды қабылдай бастады.