Павлодар мен ШҚО-да алыс бағыттағы жолдар әлі де жабық - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Үскірік аяздардың салдарынан Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін тас жолдар әлі де жабық,

деп хабарлады бүгін, қаңтардың 22-сі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш аймақтарда қозғалыс қаңтардың 21-і күні 16.00-ден бастап шектелді.