Павлодар мұнай-химиялық зауытының әкімшілігі балаларға сыйлыққа 3 миллион теңге бөлді

None
ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның  30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар  мұнай-химиялық  зауытының әкімшілігі    балалардың  тәтті сыйлықтары мен  демалыстарына 3 миллион теңге бөлді, 

 деп  хабарлады  кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Мереке  қарсаңында зауыттың  барлық   жұмысшыларының  балалары     шыршалар мен би  кештеріне шақыру билеттерін алды.   Олар     А.Чехов  атындағы    театр   мен   Ж.Аймауытов  атындағы    қазақ музыкалық-драма театрында  болатын  жаңажылдық   қойылымдарға  барады. Ал жоғары  сынып оқушылары   үшін  «Баянауыл»   мәдени - ойын-сауық   орталығына  билеттер алынды.

Зауыт жұмысшыларының   балаларымен қоса,    зауыттың    қамқорлығындағы  Пенчан    мектеп-интернатының  тәрбиеленушілері  де   тәтті  сыйлықтар алып  отыр.