деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Мереке қарсаңында зауыттың барлық жұмысшыларының балалары шыршалар мен би кештеріне шақыру билеттерін алды. Олар А.Чехов атындағы театр мен Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында болатын жаңажылдық қойылымдарға барады. Ал жоғары сынып оқушылары үшін «Баянауыл» мәдени - ойын-сауық орталығына билеттер алынды.
Зауыт жұмысшыларының балаларымен қоса, зауыттың қамқорлығындағы Пенчан мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де тәтті сыйлықтар алып отыр.