Павлодар мұнай зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 2027 жылға ауыстырылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Бұл шешім ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету, маусымдық сұраныс жоғары кезеңде отын тапшылығы тәуекелдерін азайту және өндіріс тұрақтылығын сақтау мақсатында қабылданған.

Фото: ПМХЗ

Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары 2027 жылға ауыстырылды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан хабарлады.

— Мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз ету және маусымдық сұраныс жоғары болатын кезеңде мұнай өнімдерін ішкі нарыққа үздіксіз жеткізу мақсатында, сондай-ақ жергілікті деңгейде жанармай тапшылығының туындау тәуекелін азайту үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары 2026 жылдан 2027 жылға ауыстырылды, — деп мәлімдеді компаниядан.

Бұған қоса зауыттардың өндірістік қуатын кеңейту іс-шаралары жүзеге асырылып жатқаны айтылған. Қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін және Павлодар мұнай-химия зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайтудың жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Еске сала кетейік, Brent мұнайының бағасы апта қорытындысы бойынша $94-тан асты