«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен «ПМХЗ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы 2017 жылғы 22 желтоқсаннан бастап «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды», - делінген зауыттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, Оспанбек Әлсейітов «ПМХЗ» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы болып 2017 жылғы 7 қарашада тағайындалған болатын.
Сол күні зауыттың бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылған еді . Оған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың зауытта каталитикалық крекинг қондырғысын іске қосудың кешеуілдегенін қатаң сынға алуы себеп болған .