Павлодар мұнайхимия зауыты АИ-93 пен АИ-94 бензинін өндіруді тоқтатты

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауытында өндірілетін бензин маркасы бірдей болды. Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан І "Мұнай өнімдері маркетингі" халықаралық конференциясында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Наурыздың 1-інен бастап Павлодар мұнайхимия зауыты бензиннің АИ-93, АИ-94 маркаларын өндіруді тоқтатып, АИ-92 мен АИ-95 өндіруге көшті. Соның нәтижесінде Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларындағы 3 мұнай өңдеу зауыты бірдей бензин маркаларын шығара бастады", дейді Павлодар мұнайхимия зауытының Бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, бүгінгі таңда "Гелиос" ЖШС АИ-93 маркасына жуғыш үстеме қосып "Eco Force" бензинін шығаруда. Ал отандық зауыттарға жуғыш үстеме шығару талабы күзге шегеріліп отыр. Бұл өндірістік үдеріс өңдеу зауыттары дайын болған кезде жүзеге асырылмақ.