Павлодар музыкалық колледжіне ? 50 жыл
08:42, 03 Маусым 2009
ПАВЛОДАР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - П.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжі 50 жылдығын атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл білім ошағы жарты ғасыр бойы скрипкашыларды, пианистерді, үрмелі және халық аспаптарында орындаушыларды дайындап келеді. Оқу орнының түлектері бүгінде - кәсіпқой оркестрлердің орындаушылары, музыкалық мектептердің оқытушылары, театр әртістері. Колледждің мерейтойына Ресей, Польша, Германия, Израиль елдерінен және Қазақстанның өңірлерінен түлектер жиналды. Олар мерейтойлық концерттерге қатысты. Павлодар колледжі бүгінде - құрамына музыкалық мектеп пен дарынды балаларға арналған интернат кіретін кешен. Бұл оқу орны республикамызда ғана емес, шет елдерде де жоғары бағаға ие.