Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден Павлодар облысы әкімінің үстінен қозғалған іске қатысты сауал қойған еді.
«Қазіргі уақытта іс сотта. Сондықтан пікір білдіру артық болар. Сот анықтайды», - деп жауап берді Ержан Сәденов.
Осы орайда тілшілер облыс әкімінің орынбасарына «қыз зорлау» айыбы тағылып отыр ма?» деп сұраған болатын.
«Шындығында да зорлау фактісі бойынша шағым болды. Біз іс қозғадық, тексердік. Анықталған жоқ. Сондықтан істі қысқарттық», - деп нақтылады Ержан Сәденов.