Ол бұл қызметке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Павлодар облысы әкімінің өкімімен тағайындалды.
Серік Төленбергенов 1974 жылы туған. «Қаржы және несие», «Құқықтану» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда көп жылдық еңбек тәжірибесі бар. Әр жылдары Риддер қаласы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшысы, Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары және орынбасары қызметтерін атқарған.
2024-2025 жылдары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, ал 2025-2026 жылдары Абай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Жаңа қызметінде Серік Төлеуғалиұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, сондай-ақ азаматтық қорғау салаларына жетекшілік ететін болады.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында жаңа Конституциядан кейінгі алғашқы аудан әкімі тағайындалғанын хабарлағанбыз.