Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы ауысты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Дәурен Тілеубергенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті хабарлады.

— ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Дәурен Тілеубергенов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұрынғы атқарған лауазымы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, — деп мәлімдеді комитеттен.

Бұған дейін Павлодар облысы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалған болатын. Бұл қызмет Даниел Ғалиханұлы Татаевқа сеніп тапсырылды.