Ертіс-Баян өңіріндегі еріктілердің саны өсіп келеді. Бүгінде аймақ бойынша 51 мыңнан астам еріктілер есебінде тұр. Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жаннұр Ахметжанова атап өткендей, бүгінде өңірде ресми тіркелген 86 волонтерлік ұйым мен 400-ден астам бастамашыл топ бар. Тек өткен жылдың өзінде олардың күшімен 2 мыңға жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылған.
— Еріктілерге мемлекеттік қолдау облыстық волонтерлер фронт-офисі арқылы көрсетіледі. Мұнда жұмыс жеті бағыт бойынша жүргізіледі: төтенше жағдайлар волонтерлігі, эковолонтерлік, іс-шаралық-мәдени волонтерлік, спорт және денсаулық, медиа, білім беру волонтерлігі және зооволонтерлік, — деп атап өтті басқарма өкілі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда эковолонтерлер қозғалысы кең қанат жайып келе жатқанын атап өткен еді.