Жыл басынан бері Павлодар облысында қызылша ауруын жұқтырған 146 адам анықталды.
Жалпы өңір бойынша 750 адам аталған дертпен ауырған.
«Былтыр облыста қызылша дертін жұқтыру бойынша 604 жағдай тіркелсе, биылғы қаңтар айының басынан 146 адамның ауырғаны белгілі болды. Ауырғандардың 74 пайызы — балалар» деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Науқастардың ішінде екпе алмағандардың үлесі 65,4 пайызды құрап отыр.