Павлодар облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бұзушылық Павлодар ауданы прокурорының тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен өткен көшпелі кездесуі барысында азаматтардың өтініші негізінде анықталды.
Тексеру барысында бухгалтерлік есептегі кемшіліктер салдарынан 69 қызметкер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және басқа да төлемдер уақытылы аударылмағаны белгілі болды. Берешектің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.
Прокуратураның ұсынымын қарау нәтижесінде барлық қызметкер алдындағы берешек толық өтелді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осылайша, көшпелі кездесу барысында азаматтардың өтініші негізінде қызметкерлердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылық анықталып, тиісті төлемдердің толық өтелуі қамтамасыз етілді.
Осыған дейін Қостанай облысында 392 жұмысшыға 711 млн теңге жалақы берешегі анықталған болатын.