Павлодар облысында борышкерлерден 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

Фото: Фото: Наталья Зинченко/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Бірқатар көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара аясында облыс тұрғындарынан 21 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлердің 27 автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды.

«50 мыңға жуық адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. Бұл дегеніміз, азаматтар өздерінің көлік салығы ұмытылмағанына көз жеткізді. Мәселен, Daimler Chrysler маркалы автокөлігімен жол қозғалысы ережелерін бұзған облыс орталығының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізушіде жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар болған. Автокөлік берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылды», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.

Бұған қоса пәтерлер мен аулаларды аралау барысында борышкерлермен айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алмау үшін полицейлер айыппұлды уақытылы төлеуді ұсынады.