Павлодар облысында 1 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Биыл өңір шаруалары бір жарым жылдық қор, яғни 1 млн 823 мың тонна шөп дайындауды мақсат етіп отыр.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының шаруалары 1 млн 105 мың тонна шөп дайындап үлгерді. Бұл - биыл шабылуы тиіс мал азығының 60%-ы.
- Өңірдегі шаруа қожалықтары жоспар бойынша бір жарым жылдық қор түзуі керек. Жоспарға сүйенсек, ол 1 млн 823 мың тонна. Шаруалар жайылымдар мен жайылмалардан 105,7 мың тонна шөп шауып үлгерді. Шөп биыл мол, шабындыққа пайдаланылатын жайылмалар кеуіп тұр, - деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Зәмзагүл Бүркітбаева Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.
Бұған дейін қыркүйекте Ертіс өзенінің тасу мүмкіндігі жоғары екені туралы жазғанбыз.
Осыған байланысты мамандар жайылмада мал азығын дайындап жатқан шаруашылықтар шабылған шөпті биіктеу жерлерге тасып алуы керек деп кеңес берген.
Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері мал азығын дайындау жоспары 15 тамызда толық орындалады деп сендірді. Сондықтан мол шөпті қыстақтарға жеткізу үшін шаруаларда уақыт жеткілікті деп есептейді. Қазірдің өзінде Ертіс бойын жайлаған Железин, Аққулы, Шарбақты аудандары негізгі көлемді еңсеруге жақын.
Еске сала кетейік, Ертіс-Баян өңіріндегі шабындықтарда әр гектардан 8,9 центнерден айналуда. Ал көпжылдық шөптердің өнімділігі гектарына — 9 центнер, жайылмалар мен көлтабандарда — 18,9 центнерге дейін жетіп тұр.