— Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту — жол-көлік оқиғасына және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзудың қауіпті түрлерінің бірі. Көбіне жүргізушілер асығып, маневрді қызыл шам жанған кезде аяқтауға тырысып, өздерін және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қауіпке ұшыратады, — делінген ақпаратта.
Жыл басынан бері Павлодар облысында полицейлер бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен жүргізушілерге қатысты екі мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті. Мәселен, Павлодар қаласындағы Сәтбаев — Торайғыров көшелерінің қиылысында Audi автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп, өзін, көліктегі жолаушыларды және жолды басқа бағытта кесіп өтіп бара жатқан өзге де қозғалыс қатысушыларын қауіпке ұшыратқан.
Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Павлодар облысының полиция департаменті қабылданып жатқан шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бағдаршамның талаптарын орындауға шақырады.
Айта кетейік, ІІМ елімізде жыл басынан бері 372 дрифт фактісін анықтады.