Полиция жаяу жүргіншілерге арналған жерде ВАЗ-21213 көлігі қаққанын айтты. Алайда оқиға бұнымен бітпеген.
- Бұдан соң ер адамды ВАЗ-21070 маркілі екінші көлік басып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция жүргізушілерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді, -деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің бапасөз қызметі.
Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан көз жұмды.
Жол апаты және оқиға орнынан кетіп қалу әрекеті бойынша іс қозғалды.