Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар екі жол учаскесіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазавтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 22 қазанда сағат 22:00–де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен — Ертіс — Русская Поляна» 0-152 ш қ., (Атамекен ауылы — Ертіс ауылы), «Омбы — Майқапшағай» 191-390 ш қ., (РФ шекарасы — Мичурино ауылы) учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көре аласыздар. 

Бұдан бұрын Павлодарда жауған алғашқы қар жол қозғалысын қиындатқаны анықталды.