Павлодар облысында қос азаматтыққа қатысты мыңнан астам дерек анықталды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ертіс-Баян өңірінің полицейлері қос азаматтықа қатысты 1047 деректі тіркеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтарға қос азаматтық алуға тыйым салынған.
Бұл туралы өңірлік полиция департаментінен хабарлады.
— Биыл Павлодар облысының аумағында қос азаматтықтың 1047 дерегі анықталды. Басқа мемлекеттің азаматтығын алу дерегі туралы уақтылы хабарламағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін 28 адам жауапты болды. Сондай-ақ Германия, АҚШ, Түркия, Польша, Испания, Чехия елдерінде азаматтығын жоғалтуды тіркеу деректері бар, — деді полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.
Заң бойынша өзге мемлекеттің азаматтығы қабылданған жағдайда адамға белгіленген мерзімде (30 күн) көші-қон қызметі органдарын хабардар ету және Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу қажет. Өкінішке қарай, біздің еліміздің азаматтары көп жағдайда шет мемлекеттің азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тиісінше ресімдемеді. Салдарынан заңсыз қос азаматтығы бар жағдайлар жиі кездеседі. Екінші жағынан ол белгілі бір материалдық пайда алуды көздейді. Мысалы, зейнетақы есебі, бала тууға қатысты төленетін жәрдемақылар.
Еске сала кетейік, биыл 550 шетелдік азамат Қазақстанда білім алады.