Сағат 15:55-те Қоңырөзек ауылдық округіне қарасты Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында 10 кВ әуе электр желісінің 7 бағанасы зақымданды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аудандық электр желілері (АЭЖ) жүргізіп жатыр. 10 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, сағат 16:25-те Қоңырөзек ауылында қатты желдің салдарынан 12 жеке тұрғын үй мен мәдениет үйінің шатыры зақымданды. Зақымданған аумақтың жалпы көлемі нақтыланып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
-Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар департаментінің 27 қызметкері және 5 техникасы жұмыс істеп жатыр. Қоңырөзек ауылында барлығы 650 тұрғын тұрады, 190 аула бар. Жағдай бақылауда. Қолайсыз ауа райының салдары нақтыланып, зақымдарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, -делінген хабарламада.
Осыған дейін Павлодар облысында дауылдан 49 тұрғын үй бүлінгені туралы жаздық.