Тексеру барысында әйелдің жүргізуші куәлігінсіз, алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған.
Алайда прокуратура жүргізген тексеріс медициналық құжаттың жалған екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 416-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақсу прокуратурасы құқық бұзушылықтың саралануын және жаза түрін өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті.
Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды.
Айта кетейік, ақылы жолдарда нөмірін жасырған жүргізушілердің 2 мыңға жуық дерегі анықталды.