АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысында ТҚО-дан шыққан өрттен үш бірдей көлік зақымданды.
Оқиға бүгін Павлодар қаласында болды.
«Өрт салдарынан үш көлік зақымдалды. Құтқарушылар жалын ішінен бір газ баллонын алып шықты.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңда от сөндірілді», — деп жазды ТЖМ-нан.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.