Ақши, Лекер, Қаратомар және Ақсан ауылдары жарықсыз қалды.
«Жылдамдығы секундына 20-24 метр, екпіні 28-29 метрге жеткен жел салдарынан Ақши, Лекер, Қаратомар, Ақсан ауылдарында электр желілері жарым-жартылай үзілді. Қазіргі уақытта Баянауыл АЭҚ тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Баянауыл ауданы әкімдігінен.
Жөндеу жұмыстары бір күннің ішінде аяқталатынына уәде берілді.