— 2026 жылғы 24 ақпан сағат 06:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-137 шақырым аралығы (Қалқаман кентінен — Баянауыл кентіне дейін);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 137-231 шақырым аралығы (Баянауыл кентінен — Қарағанды облысының шекарасына дейін);
— «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Үлкен Ақжар — Курчатов» автожолының 98-220 шақырым аралығы (Көктөбе ауылынан — Абай облысының шекарасына дейін);
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, бүгін еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.