Полицияның мәліметінше, 14 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданы Жанауыл ауылы маңындағы жол жиегіндегі жерден сүйек қалдықтары табылған.
— Жол жөндеу жұмыстары кезінде кюветтен жұмысшылар сүйек фрагменттерін тауып алды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД.
Айтуларынша, процессуалдық шешім тек кешенді іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ғана қабылданады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлда жер қазу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылған еді.