7 шілде күні сағат 15:50-де Байымбет орманшылығының 124-орамында өрт тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы шамамен 1 гектарды құрады.
– Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің 17 қызметкері, 10 техника, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған ЕС-130 тікұшағы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күштерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланды.
Бүгінгі таңда «Ертіс орманы» аумағында 5 орман өрті тіркелген.
Соңғы күндері өңірде найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты орман өрттерінің туындау қаупі сақталып отыр.
– Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті ведомстводан.
Айта кетейік, Атыраудағы қамыс өрті 69 гектарды шарпыды, өрт толық сөндірілген жоқ.