Бұл туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен хабарлады.
— Жазатайым оқиға 2026 жылғы 24 шілде күні Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан қаза тапқан, — деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
Еңбек инспекциясының мамандары қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты.