Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді.
Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Өрт шалған жерге жақын орналасқан Жұмат Шанин ауылына қауіп төніп тұрған жоқ
Ал бүгін түске таман Павлодар облысының әкімі Баянауылдағы өрттің оқшауланғанын хабарлады.
Тікұшақтар Павлодар мен Қарағанды шекарасындағы өрт ошақтарына 22 тонна су төкті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында тұтанған дала өртіне байланысты тың мәліметтерді жариялағанын жазған болатынбыз.