Павлодар облысының Аққулы ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - ҚР Президенті Әкімшілігінің, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен Асқар Ажмұрат Аққулы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Фото: Валерий Бугаев

Асқар Қадырұлы 1976 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Павлодар қаласында, Павлодар және Успен аудандарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ екі жылдан астам уақыт Павлодар облысының құрылыс басқармасын басқарды.

- Аққулы ауданының аграрлық әлеуеті жоғары. Сонымен қатар инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет. Биылғы құрғақшылықты ескере отырып, мал азығын дайындау және егін жинау науқандарын уақытылы әрі сапалы өткізуді, сондай-ақ жас мамандарды тарту мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауды ерекше тапсырылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Еске сала кетейік, Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды.