Хамза Оразбеков 1988 жылы туған. Еңбек жолын 2007 жылы бастап, Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінде жауапты қызметтер атқарған. Кейінгі жылдары Заңғар ауылдық округінің әкімі, Павлодар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары, Павлодар қаласы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысының орынбасары, Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.
Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, өңірлік кадрлық резервтің мүшесі.
Еске сала кетейік, Ұлытау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жаңа басшы тағайындалды.