Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қадиша Беготаева Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Фото: prokadry.kz

Ол 1969 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған соң еңбек жолын Железин аудандық тұтынушылар одағында бас бухгалтер, кейін бас бухгалтердің орынбасары қызметтерінен бастаған.

1999 жылдан бастап Железин ауданының қаржы және экономика бөліміндеа бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2005 жылы Железин ауданының экономика және қаржы бөлімінің қаржы және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі басшы орынбасары қызметіне тағайындалды.
2006 жылдан бастап Железин ауданының қаржы бөлімін басқарды.

2015 жылдан бастап Павлодар облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2021 жылдың ақпан айынан бері Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып келді.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Мақсат Мұқашев тағайындалды.