Павлодар облысының тұрғындары VIP нөмірлер сатып алуға 324 млн теңге жұмсаған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM- Ең қымбат көлік нөмірі шамамен 1,2 млн теңге тұрады. Азаматтар «айна» және 7 цифрларын жиі таңдайды.

Фото: пресс-служба филиала «Правительства для граждан» по г. Шымкент

Былтыр Павлодар облысында ақылы мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне жұмсалған шығындар шамамен 35 пайызға өскен.

Ең қымбат көлік нөмірлерінің қатарында 001-ден 009-ға дейінгі сандар, сондай-ақ бірдей сандар мен әріптері біркелкі тіркеу белгілері бар.

Көлік иелері VIP нөмірлерін сатып алуға жалпы сомасы 324 миллион теңге жұмсаған.

- Мемлекеттік тіркеу белгісінің құны жыл сайын өзгеріп отыратын АЕК мөлшеріне байланысты. Бүгінгі таңда ең қымбат «әдемі» нөмір шамамен 1,2 миллион теңге тұрады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесі» өңірлік филиалының басшысы Асылбек Сапарбек.