деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
ENRC бас атқарушы директоры Феликс Вулис пен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев тараптардың әлеуметтік диалогқа дайындығын тағы бір бекітті. Биылғы жылы корпорация аймақты дамытуға 2,4 млрд. теңге бөледі.
«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты ENRC үшін аса маңызды, - деп атап өтті Меморандумға қол қою рәсімі барысында Феликс Вулис. - Біз одан әрі де тығыз ынтымақтастыққа ұмтылыс жасайтын боламыз».