«Жыл соңына дейін жеті жарым мың шаршы метрлік аумақта 60 төсек-орынға шақталған инфекциялық аурухана бой көтереді. Қазіргі таңда өңірдегі барлық ауруханалар қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Біздің басты мақсат – індеттің алдын алып, оның өршуіне жол бермеу», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген. Бөлімше «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Нәтижесінде 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған.
Құрылыс жұмыстарын мердігер компания желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр.
Автор: Әлихан Асқарұлы