Павлодар облыстық әйелдер көшбасшылығы мектебінің Лебяжі филиалы өз қызметінің бағыттарын айқындады

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық әйелдер көшбасшылығы мектебінің Лебяжі филиалы жұмыс істей бастады, деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Қоғамдық ұйым қатарында - әйелдер: мемлекеттік қызметкерлер, бизнес-вумендер, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері.

«Ауданда әйелдер көшбасшылығын дамытудың үлкен әлеуеті бар», - деп атап өтті аудан басшысы Айзада Құрманова, мектеп жұмысына ауылдар мен кенттердің белсенді әйелдерін тартуды ұсына отырып.

Отырыс барысында әйелдер өз жерлестерінің тәжірибесі негізінде кәсіби қызмет пен қоғамдық жұмыстағы табыстардың құпияларын талқылады, психологиялық тренингге қатысып, жоспарлар құрды, атап айтқанда,  белсенді ауыл әйелдерінің жеке қорын құру және азаматтық белсенділікке тәрбиелеу айтылды.