Павлодар облыстық кітапханасы өзінің 115 жылдығын раритет басылымдар көрмесімен атап өтті

None
ПАВЛОДАР. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы өзінің 115 жылдығын атап өтті.

1892 жылы қалалық думаның шешімімен және 1-ші гильдия көпесі Артемий Деров пен басқа меценаттардың қайырымдылығына шет аймақтық қалада тегін оқу залы бар бұқаралық кітапхана ашылды.
1896 жылдан бастап ол уездік атала бастады, облыстық кітапхананың тарихы осы жылдан басталады.

«Біздің ұжымымыз Павлодар облысының тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетулердің бүкіл кешенін ұсынады, мұнда электрондық технологиялар қолданылады, ағартушылық және білім берушілік қызмет жүргізіп келеді. Түрлі дерек сақтаушылардағы құжаттардың әмбебап қоры бүгінде 600 мыңнан астам дананы құрайды», - деп атап өтті облыстың көне кітапханасының директоры Майя Жиенбаева.

Өзінің туған күнін кітапхана Достық үйінде раритет басылымдар көрмесімен атап өтті. Стендтарда - жүзден астам бағалы кітаптар, олардың ең көнесі 1856 жылы басылып шыққан.

Көрмеге келген адамдар саяхатшы және этнограф Григорий Потаниннің өмірлік басылымдар шығармаларын, 1917 жылға дейін шығарылған томдарын, және облыстың барлық ауылдық кітапханалары үшін облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сатып алынған соңғы жылдары басылып шыққан заманауи кітаптарды көрді.