Павлодар облыстық ТЖД бөлімінің бастығы 75 мың теңге пара алу үстінде ұсталды
08:13, 07 Желтоқсан 2012
ПАВЛОДАР. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы 75 мың теңге пара алу үстінде Павлодар облысы бойынша ТЖД №19 өрт сөндіру бөлімінің бастығын ұстады,
деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл соманы ол жас жігіттен өрт сөндіруші болып орналастыру үшін сұратқан.
Пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.