Павлодар облысы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлік әділет департаментінің басшысы қызметіне Ернар Сейдімбек келді.Әділет министрлігінің бұйрығымен тағайындалған ведомство басшысын аппараттық жиын барысында Болат Бақауов таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі жаңа басшының әділет жүйесінде және орталық аппаратта тәжірибесі мол екенін атап өтті.

- Ернар Сейдімбек кеңесші қызметінен департамент басшысына дейін көтерілген, - деді әкім. - Әр жылдары Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында әділет басқармасын басқарған. 2016 жылдың ақпан айынан бастап тағайындауға дейін Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы болған.